"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа Конституция жобасын талқылау

26.02.2026

2026 жылдың ақпан айы бойы жаңа Конституция жобасын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар «Семинар-диалог», «Пікірлерді таныстыру», «Педагогикалық консилиум», «Конституциялық құқық бойынша сарапшылармен сұрақ-жауап», «Дөңгелек үстел», «Құқықтық сағат», «Панельдік пікірталас», «Пікірталас алаңы» форматтарында ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, конституциялық құқықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің білім беру жүйесі мен қоғам үшін маңызын талқылады. Құқықтық ағартуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ерекше назар аударылды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу өтіп, сарапшылар тарапынан түсіндірмелер берілді, сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша ұсыныстар мен пікірлер білдіруге мүмкіндік жасалды.

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст