2022 жылдың 26 тамызында Ақмола облысы Астрахан ауданының Астрахан ауылының БЖШО ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Астрахан ауданының сокралдық географиясы» жобасымен жұмыс барысында Қазақстандағы қасиетті мекеннің бірі - Астанадан 150 шақырым жердегі «Тоғыз әулие» зиратына экскурсия жасап қайтты.. Осы ежелгі «Тоғыз әулие» зиратында отызға жуық қажы мен өз заманындағы белгілі ғалымдар және бірнеше рет қажылыққа барған адамдар жерленген. Соның бірі - Ақмола округінің аға-сұлтаны Ибраһим-қажы Жайықбай. Олардың ішінде, осы уақытқа дейін халыққа белгісіз: Жанбатыр-хазірет, Құтан-хазірет, Алдажар-хазірет, Жантас-хазірет, Әлтә-хазірет, Мұса-хазірет, Құранды жатқа білген Шернияз-қари, Нұртаза-хазірет, Садуақас-хазірет, Сопы-Көпей-хазірет, Бақберген-хазірет және тағы басқалар бар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында арнайы жобалардың бірі ретінде «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы атап өтіледі.Оның басты себебі,мәдениетті, өзіндік ұлттық кодты сақтау болып табылады. Патриотизмнің ең маңызды белгісі - туған жеріне, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген ерекше көңілді қалыптастыру. Қазақстандағы ескерткіштерді, ғимараттарды, құрылыстарды қалпына келтіріп қана қоймай, қасиетті мекендерді ұлттың санасына біртұтас киелі ұғым ретінде сіңіре алу. Қорытындылай келе,ауданымыздағы сокралдық орындардың тарихын танып,ұғыну арқылы біз кейінгі ұрпаққа құнды,өшпес мұра қалдырамыз.Тарихты білу-ұрпақ парызы!